Skip to content

📚 Музей қорымыз тағы бір құнды кітаппен толықты. Бұл жолы…

📚 Музей қорымыз тағы бір құнды кітаппен толықты.

Бұл жолы қорымызға қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне арналған «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты кітап келіп түсті.

Батыр қыздың қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігін насихаттайтын бұл еңбек жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ерекше маңызға ие.

Қорымызды толықтырып, рухани мұрамызды байытуға үлес қосқан жандарға алғысымызды білдіреміз! ✨📖