Skip to content

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Қобыланды» мемориалдық кешені» МКҚК директорының  бос лауазымына конкурс жариялайды

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы www.e-qazyna.kz интернет желісі. 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй 636 бөлме.Анықтама үшін телефон: 8(7132) 747-629.

«Қобыланды» мемориалдық кешені» МКҚК Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылы, Қобыланды 1 А мекенжайында орналасқан, байланыс телефоны: 8(7134) 172-305.

 Қызметінің мәні: Тарихи –мәдени мұраларды сақтау мен насихаттау, халық шығармашылығы мен дәстүрлі өнерді зерттеу және насихаттау. Қобыланды батырдың ерлігін жас  ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Лауазымдық  міндеттері:

мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

 Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;

шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс: Конституцияны;  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс);  Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс); Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

білімі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша,  гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем  емес жұмыс өтілі.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: _ 28 шілде-5 тамыз 2026 ж.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

 

                                                       Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының  конкурстық комиссиясы