Skip to content

⚜️Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының жариялануы – елдің саяси, құқықтық…

⚜️Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының жариялануы – елдің саяси, құқықтық және рухани дамуындағы маңызды кезең. Бұл құжат қоғамдағы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттің болашақ бағытын айқындауға арналған. Соның ішінде мәдениетке қатысты мәселелердің көрініс табуы – ерекше мәнге ие.

Жоба мазмұнында ұлттық мәдениет пен ттарихи мұраны сақтау және дамыту мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл – жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған дұрыс ұстаным. Мемлекет мәдени құндылықтарды қорғауға, мәдени әртүрлілікті құрметтеуге және халықтың рухани дамуына жағдай жасауға жауапты екені атап өтілуі – қоғам үшін маңызды тетік.

Жаңа Конституция жобасында мәдениет мәселесінің көрініс табуы – елдің тек экономикалық немесе саяси емес, рухани дамуын да көрсетеді. Бұл бағыт нақты іспен жалғасса, ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға берік негіз қаланары сөзсіз.

«Қобыланды мемориалдық кешені»МКҚК директорының м.у.а
Манашева А.А. ‎